Алматыда Қазақстан-Иран іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы өтті

;АЛМАТЫ. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда Қазақстан-Иран іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Естеріңізге сала кетейік, бұл кеңес 2009 жылы екіжақты бизнесті жандандыру мен қолдау мақсатында құрылған болатын.
None
None

Иран Ислам Республикасы бизнес өкілдерінің Қазақстанға сапары аясында өткен кездесу барысында екіжақты бизнестің өзекті мәселелері мен дамыту жолдары талқыланып, іскерлік байланыс орнатуға жол ашылды. Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Горбан Сейфидің айтуынша, Қазақстан мен Иранның экономиканың түрлі салаларындағы байланысы жоғары деңгейде дамуда. «Біздің халықаралық деңгейдегі ықпалдастығымыз да қалыпты деңгейде, тараптардың қызығушылығына лайықты жауап береді. Біздің мемлекеттеріміз арасында түрлі саларда әріптестік орнатуға үлкен мүмкіндіктер бар. Әріптестіктегі ең басты сала бұл экономика. Алдағы уақытта біз ауылшаруашылығы, білім, инженерлік-техникалық салаларды, байланысты дамытуға мүмкіншілігіміз бар», деді Иран елшісі. Ол сондай-ақ формалды іскерлік кеңес құруды көздейтіндерін жеткізді. «Меніңше, бұндай кеңес екіжақты қарым-қатынасты дамытудағы кедергілерді жоюға ықпал жасайды. Кеңестің басты мақсаты - екі жақтың мүмкіндіктерін кеңірек таныстыру», деді Горбан Сейфи.

Соңғы жаңалықтар