Алматыда «Қазақстан» қонақ үйінің террасасы қирады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Қазақстан» қонақ үйінің шолу алаңқайы - террасасы қирады. Бұл туралы жаңа ғана Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова хабарлады.

«Бүгін Алматыда кешкі сағат 17:39-да Алматы қалалық ТЖД «101» кезекші бөліміне Медеу ауданы, Достық даңғылы 52 мекенжайында орналасқан «Қазақстан» қонақ үйінің темір конструкциясы қирағаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен департамент қызметкерлері «Қазақстан» қонақ үйінің сырт жағына екінші қабат деңгейінде жапсарлас салынған шолу алаңқайы - ашық террасасы бағанасының темір қаңқасы қирағанын анықтады. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді С. Баймұханбетова.

Айта кетелік, террасаның астында кезінде дәмхана болған көрінеді.  

Соңғы жаңалықтар
telegram