19:04, 22 Ақпан 2010 | GMT +5
Алматыда Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынастың одан әрі дамуындағы перспективалар талқыланады
АЛМАТЫ. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынастың одан әрі дамуындағы перспективалар наурыз айының 3-і күні «Үндістан бизнесін енгізу» деген атпен өтетін бизнес семинарда талқыланатын болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үндістан елшілігінің ұйымдастыруымен өтетін семинарда сонымен қатар, елдегі инвестициялық мүмкіндіктер, екі жақты сауда дамуының перспективалары, екі жақты жобаларды қолға алудағы мүмкіндіктер, туризмді дамыту мәселелері, инвестиция саласында екі жаққа да өзара тиімді жаңа мүмкіндіктер, Үндістан экономикасының қарқынды дамуы мен өсуі және тағы да басқа өзге де мәселелер талқыланып, айтылатын болады.Семинар аясында үндістандық фирмалармен екі жақты жобалардың таныстырылымы көрсетіледі.
Семинарға екі елдің мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысады деп күтілуде.