Алматыда Қазақстан мен Үндістанның туристік фирмаларының форумы өтеді

АЛМАТЫ. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда Қазақстан мен Үндістанның туристік фирмаларының форумы өтетін болды.
None
None

Үндістанның Туризм министрі Субод Кант Сахай кеше қала әкімі Ахметжан Есімовпен болған кездесуде осындай ұсыныс жасады. Оны қабыл алған А. Смағұлұлы қалалық туризм басқармасының бастығы Бақытжан Жоламановқа қазақстандық- үндістандық форум өткізуге дайындықты бастауды тапсырды.

"Туризм біздің қаламыздың басты бағыттарының бірі болып табылады. Алматы республика бюджетіне туризмнен түсетін кірістің 60 пайызын береді. Мамандардың есебі бойынша, қолайлы табиғи климаттық жағдай туризмнен түсетін табысты жалпы ішкі өнімнің 10 пайызына дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Біз сол себепті тау шаңғысы туризмін дамытуды мықтап қолға алдық. Осыған орай, қала әкімдігінде жаңадан Туризм басқармасы құрылды», - деді А. Есімов. Жалпы мұндай дербес құрылым қазіргі таңда тек Алматыда ғана бар. Ол туризм мәселелерімен тікелей жұмыс істемек.

Соңғы жаңалықтар