15:01, 03 Мамыр 2010 | GMT +5
Алматыда Қазақстан және Челябі облысы өкілдерінің кәсіпкерлік-кездесу өтеді
АЛМАТЫ. Мамырдың 3-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда мамырдың 12-і күні Қазақстан және Челябі облысы (Ресей) өкілдерінің бизнес -кездесуі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш шараның ұйымдастырушылары - Алматы қаласының Сауда-өнеркәсіптік палатасы.
Ресей делегациясының құрамында - Челябі облысындағы ең ірі 12 компанияның басшылары және жетекші мамандары бар.
Бүгінде Челябі облысы Ресей аумағындағы индустриясы дамыған облыс болып саналады. Облыста әсіресе, металлургия, көлік жасау, құрылыс, аграрлық шаруашылық, отын-энергетика салалары жақсы дамыған. Салалық кешендерде екі мыңнан аса ірі және орташа кәсіпорындар жұмыс істеуде.