Алматыда Қазақстандағы заманауи бизнес-білім жайы талқыланды
Оны Литва Басқару және экономика университетінің президенті Виргиниус Кундротас бүгін Алматыдағы Халықаралық бизнес академиясында (ХБА) өткен «Заманауи бизнес-білім - онжылдық қорытындысы» атты дөңгелек үстел барысында айтты.
Дөңгелек үстелді аталмыш оқу орны мен Intellekt Student Journal басылымы IAB Халықаралық әріптестік апталығы аясында бірлесе ұйымдастырып отыр. Басқосуға әріптестікке мүше Чехия, Испания және Латвия ЖОО басшылары қатысты.
Отырыста баяндама жасаған Виргиниус Кундротастың айтуы бойынша, заманауи бизнес-білімнің негізгі 4 тетігі бар. «Осыларды игерген жағдайда ғана бизнес-мектептер дамып, тиімділігі арта түседі», - дейді В. Кундротас.
«Қазақстандағы бизнес-білімнің дамуы» тақырыбында баяндама жасаған ХБА оқытушысы Озат Байсеркеев еліміздегі бизнес-білім беруді сатылап, талдау жасады.
Сондай-ақ жиын барысында Қазақстандағы бизнес-білімнің жай-күйі мен дамуына қатысты талқылаулар болды.