Алматыда қазақстандық туризмнің мәселелері халықаралық конференцияда талқылануда

Екі күндік шараның басты мақсаты - өлкетану туризмін дамыту және отандық әрі шетелдік ғалым-мамандар арасында туристік-өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру мен бірлесе жұмыс істеуге әрекеттесу, аймақтарды зерттеуде тәжірибе алмасу, ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалана отырып, географиялық өлкетану және туризм бойынша оқу сапасы мен білім жүйесінің деңгейін жақсарту.Оғанқұзырлы мемлекеттік органдардың, туристік компаниялардың жетекшілері, ғалымдар, сондай-ақ Ресей, Украина, Словения, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты алыс-жақын шет елдерден келген қонақтар қатысуда.
Конференцияда Қазақстан туризмінің қиындықтары, кластерлі брендке айналдыру құндылықтары, дамуы мен болашағы, сондай-ақ туризмнің кластерлі-инновациялық дамуы мен өлкетану жұмыстарын ұйымдастыруға қатысты мәселелер талқыланады. Жұмысы төрт секция бойынша өтеді деп жоспарлаған: Қазақстандағы өлкетану туризмі: қалыптасуы, дамуы және болашағы; Туристік-өлкетану іс-қызметінің құралдарымен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру; Туристік-өлкетану іс-қызметінің педагогикалық аспектілері; Туризмнің кластерлі-инновациялық дамуы.