Алматыда Қазақстанның ең үздік бас аспазы анықталды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұңғыш рет республикалық бас аспаздар Кубогы ұйымдастырылды. Оған Қазақстанның әр түрлі өңірлерінен 36 бас аспаз қатысты.
None
None

Қатысушылардың шеберлігін есімдері әлемге белгілі аспаздардан және халықаралық аспаздық қауымдастықтар басшыларынан құралған қазылар алқасы бағалады. Олардың барлығы Дүниежүзілік WorldChefs (WACS) аспаздық қоғамдастықтары Қауымдастығының мүшелері.

Жарыс алты ауысым бойынша жүргізілді. Әр ауысымда алты бас аспаз бақтарын сынады. Әсіресе «Қара жәшік» турнирі аса тартысты өтті. Онда шарт бойынша әрбір қатысушыға «Қара жәшік» беріледі. Онда бірдей мөлшерде азық-түлік жиынтығы салынған. Бұл жерде олардың тізімі бас аспазшыларға айтылмайды. Бірақ бас аспазшы ұсынылған өнімдердің барлығын тағамға қолдануға міндетті.

Айта кетелік, турнирде қолданылған барлық азық-түлік, көкөніс және жеміс-жидектер Қазақстанда өндірілген.

Екі турдың қорытындысы бойынша бас аспаздар Кубогын Андрей Атапин жеңіп алды. Ол сонымен қатар, WACS сертификатымен марапатталды.

«Бас аспаздар чемпионаты жұмыс берушілер мен бас аспаздардың кездесуіне мүмкіндік береді. Бұл жарысқа қатысуға елімідің түкпір-түкпірінен жүзден астам бас аспаз өтінім берді. Олар қазылар алқасына өздерін және өздерінің тағамарын таныстыру үшін өз бағдарламаларын ұсынды. Соның негізінде іріктеу турлары жүргізілді. Алдағы уақытта бас аспаздар біріншілігі тұрақты түрде өткізіліп тұратын болады», - деді Қазақстанның бас аспаздар Қауымдастығының президенті Александр Трегубенко.

Соңғы жаңалықтар