Алматыда “Қазақтелеком” АҚ-ның демонстрациялық «iD-Center» зал қызметі ашылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қала әкімі орталықты аралап, жаңа телекоммуникациялық қызмет түрлерімен танысты.
Аталмыш «iD-Center» бес функционалдық сараланымға бөлінген - "Ақылды үй", "Интеллектуалды офис", «Интернет-кафе», «Медиа-стена» және «Конференц-зал». "Ақылды үй" келушілерді «Triple play» тұжырымдамасы бойынша қызметтермен таныстырады. Ол дегеніміз, үйде пайдаланушыларға бір телефон желісі бойынша кеңжолақты арна негізінде телефон қызметін ұсыну, жоғары жылдамдықта Интернет желісіне қосылу және iD TV сандық телевидение қызметтерін ұсыну. Ал, Интернет-кафеде Wi-Fi технологиясы бойынша Интернет желісіне сымсыз қатынау қызметімен танысуға және пайдалануға болады", деді «Алматытелеком» ҚТО-ның коммерциялық директордың орынбасары Бахтияр Ошурбаев. Ол сонымен қатар, "залдың ортасында баспасөз мәслихаттар, іскерлік кездесулер және келіссөздерге арналған екі конференц-залы бар", деп атап өтті.
Алматыдағы «iD-Center» - бұл осыдан бір жыл бұрын ашылған, Астанадағы «Show Room» демонстрациялық залынан кейінгі компанияның екінші ірі жобасы. Осы сынды демонстрациялық алаңдар Қарағанды, Шымкент және Атырау облысы орталықтарында бар.
Демонстрациялық зал қызметі - бұл бүгінгі заманғы инфокоммуникациялық технологиялардың әлеуметтік-танымдық орталығы. Келушілер бұл жерден толық ақпарат пен сарапшылардың кеңесін тегін ала алады.
Орталық аптаның алты күнінде, таңертеңгі тоғыздан, кешкі алтыға дейін жұмыс істейтін болады.