08:15, 18 Қазан 2017 | GMT +5
Алматыда «ҚазТрансГаздың» қоймалары мен кеңсесі өртеніп жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «ҚазТрансГаздың» қоймалары мен кеңсесі отқа оранды. Қазір өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтаудың бар амалын жасап жатыр, деп хабарлайды оқиға орнынан «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, қоймалардан басталған өрт кейіннен мұнай компаниясының ғимаратын шарпыған. «Бірінші өрт сөндірушілер тобы үш минуттан соң, 03:30-да келді. Сол кездегі жағдай былай болды: 2 қабатты кеңсе ғимаратының шатыры лапылдап жанып жатыр еді. Өрттің ғимаратпен қатар тұрған цехтарға өтіп кету қаупі болды. Оқиға орнында штаб құрылып, 4 өрт сөндіру бөлімшесі ғимаратты қоршап алды», - деп мәлімдеді департаменттің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Өртті сөндіруге Алматы Өрт сөндіру қызметінен 100 адам және 34 техника жұмылдырылды. Дәл қазіргі кезде өрт ғимараттың үлкен бөлігін қамтыған.