Алматыда Кеден одағын құру үдерісі туралы дөңгелек үстел мәжілісі өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Индустрия және сауда министрлігі мен Сауда өнеркәсіп палатасы Кеден одағын құру үдерісін талқылауға арналған  дөңгелек үстел мәжілісін  ұйымдастырды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Кеден одағындағы Қазақстанның келіссөз делегациясы  Индустрия және сауда, Ауыл шаруашылығы, Әділет және Қаржы  министрліктері мен Қаржы министрлігінің Кеден комитетінің өкілдерінен тұрады. Ал келіссөздерде кеденге қатысты сауалдар ғана емес, импорт кезіндегі қосымша салықтарды бөлу тетіктері, Кеден одағы құрылғаннан кейінгі тауарлардың кедендік жалпы аумағы  да  талқылануда.  Қазақстаның үкіметтік делегациясын   Кеден одағы комиссияның мүшесі, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары  Өмірзақ Шөкеев басқарады», дейді Индустрия және сауда вице-министрі  Жанар Айтжанова. Оның айтуынша, Кеден одағы бұрынғы кеңестік 5 республика арасындағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық аясында құрылып отыр. Бізде ТМД-ның барлық 12 елінің арасында  еркін сауда аймағы да бар. Алайда Кеден одағы - кедендік төлемсіз ғана емес, бірыңғай кедендік тарифтегі және үшінші елдермен бірыңғай тәртіптегі  еркін сауда. Оның алғашқы кезеңде Қазақстан, Ресей және Беларус мемлекеттері арасында құрылу себебі,  заңдары  барынша үйлестірілген және сауда саясаты сауалдары реттелген.  Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтағы Қырғызстан мен Тәжікстан заңдық базаларын Кеден одағымен сәйкестендірген кезде мүше бола  алады.

Соңғы жаңалықтар