Алматыда Кедендік Одаққа мүше елдердің кеден қызметі сарапшыларының кеңесі өтуде
Алматы қалалық кедендік бақылау департаментінде Беларус, Қазақстан, Ресей мемлекеттерінің кеден саласының сарапшылары Қазақстан мен Беларус елдеріне сырт мемлекеттерден әкелініп, Ресейге жеткізілетін тауарлар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану арқылы бақылауды ұйымдастыру мәселесін талқылауда. Сондай-ақ аталмыш мәжіліс барысында Кедендік Одаққа мүше елдердің кеден органдарының бағалары бойынша тәуекелдердің біріздендірілген деңгейін пайдалану ісіне бірыңғай әрекетті қамтамасыз ету мәселесі қаралатын болады. Осы шара барысында беларустық және ресейлік әріптестерге Кедендік бақылау комитетінің Алматы қалалық департаментіне қарасты «Алматы - ТРО» кедендік бекетінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәжірибесі көрсетілетін болады.
20 сәуір күні басталған аталмыш кеңестің жұмысы сәуірдің 22-іне дейін жалғасады.