Алматыда Кедендік Одақты құру және Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі іс-қимыл жоспары туралы Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды

sp; АЛМАТЫ. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін ТМД қатысушы мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуінде Беларус, Қазақстан, Ресей Кедендік одағы және бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру жөніндегі іс-қимылдар жоспары туралы Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Құжатқа осы үш елдің басшылары Александр Лукашенко, Нұрсұлтан Назарбаев, Дмитрий Медведев  қол қойды.
None
None

«Біз әлемге қазір Кедендік одақ түпкілікті құрылғанын жариялаймыз және бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастырудың кестесі бекітіледі. Беларус, Қазақстан және Ресей арасындағы бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру бойынша і іс-қимылдар жоспарын әзірлеу жөніндегі ЕурАзЭҚ Бас хатшысының, комиссия мүшелерінің ақпараттарын қарай келіп, Қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесі осы жоспарды бекітуге шешім қабылдады. Үш елдің Үкіметтері Кедендік одақ комиссиясымен бірлесе отырып, іс-қимылдар жоспарының орындалуын қамтамасыз етуі және белгіленген мерзімде ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесін, Кедендік одақтың мемлекет басшылары деңгейіндегі жоғарғы органын хабардар етуі тиіс», - деп мәлімдеді ҚР Президенті.

Н.Назарбаев Кедендік одақты құру - ықпалдастыру үдерісінің екінші кезеңі екенін атап өтті. Алғашқысы - еркін сауда аймағы. Үшіншісі - жалпы рынок, біртұтас экономикалық кеңістік, одан әрі Еуропалық одақ тұрпатындағы экономикалық одақ болмақ.  

ТМД мемлекеттері басшыларының екі күндік бейресми кездесуі Алматыдан 35 шақырым жердегі «Ақбұлақ» курортында өтіп жатыр. Оған Армения, Беларус, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Түрікменстан Президенттері қатысуда.

Бұл басқосуда Президенттер бірыңғай экономикалық кеңістік құруға қатысты Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше елдердің - Қазақстанның, Ресейдің және  Беларус мемлекеттерінің бірыңғай Кедендік одақ құру аясындағы іс-шаралардың барысымен танысты, сондай-ақ аймақтағы қауіпсіздік пен ТМД мемлекеттері арасындағы экономикалық, саяси және гуманитарлық байланыстарды тереңдету жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салуда.

Ресей Президенті Дмитрий Медведевтің айтуынша, Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше Қазақстан, Ресей және Беларус елдерінің арасындағы бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы бірлескен мәлімдеме мемлекет басшыларының бейресми кездесуінде қол қойылған ең алғашқы құжат болып отыр.

Соңғы жаңалықтар