Алматыда қоғамдық көліктердің жүрісін оңтайландыру үшін Наурызбай ауданында кейбір көшелер ұзартылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматы әкімдігінің көшпелі жиыны барысында Наурызбай ауданын дамыту бағдарламасы талқыланды. Онда ауданның әкімшілік орталығына коммуналдық және инженерлік желілерді тарту мәселесі басты тақырыпқа айналды. Өйткені, осы желілердің арқасында ауданның инфрақұрылымын дамытып, бірқатар әлеуметітк маңызы бар нысандар салуға болады.
None
None

Алматы қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық көліктердің жүрісін оңтайландыру үшін аудандағы кейбір көшелерді ұзарту жоспарланған.

«Бұл жерде магистралдық көшелер - Жандосов, Жұбанов, Төле би көшелерін және Абай даңғылын шығыстан батысқа қарай ұзарту көзделіп отыр. Сондай-ақ, Әуезов көшесі солтүстікке қарай ұзартылып, жаңадан салынып жатқан магистралдық жолға дейін жеткізіледі. Біз осылайша, жол-көше желісін жасаймыз. Бұл жалпықалалық қоғамдық көліктерге қол жетімділікті арттыра түседі. Қаланың бас жоспарына сәйкес, Төле би көшесі бойымен жеңіл рельстік көлік жүреді. Бұдан басқа, осы көшенің бойымен автобус және троллейбус желілері жасалады», - деді «Алматыгипрогор-1 Жобалау Институты» ЖШС бөлім бастығы Алтай Сатыбалдиев.

Сонымен қатар, Наурызбай ауданында ірі сауда ойын-сауық орталығы, спорт-сауықтыру кешенін салу жоспарланған. Қазір, Наурызбай ауданында әкімшілік-қоғамдық орталықтың құрылысы басталып кетті. Бұл орталықтың құрамында аудандық әкімдік, Ішкі істер басқармасы, прокуратура, Халыққа қызмет көрсету орталығы және басқа да нысандар бар. Бұлардан басқа, 1200 орынды 4 мектеп, 320 орынды 8 бала бақша, емхана және жедел жәрдем стансасы салынады.

Соңғы жаңалықтар