Алматыда Корпоративтік басқару және қор нарығын дамыту мәселелері жөніндегі Еуразиялық топтың 1-мәжілісі өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда Еуразиялық қор нарықтары федерациясы (FEAS) мүшелерінің көрмесі мен Корпоративтік басқару және қор нарығын дамыту мәселелері жөніндегі Еуразиялық топтың 1-мәжілісі өтуде.
None
None

Ол Еуразиялық қор нарықтары федерациясының 17-ші Бас ассамблеясы аясында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (OECD) эгидасымен Қазақстан қор биржасы, ҚР Құлттық банкі, Бағалы қағаздардың орталық депозитариясының қолдаумен ұйымдастырылуда.

Мәжіліс жұмысы - "Еуразия елдерінің қор нарықтарына шолу", "Корпоративтік басқарудағы реформалар және елдердің қор нарықтары мен экономикалық дамуындағы басым бағыттар", "Корпоративтік басқару және қор нарығын дамыту салаларындағы биржаның рөлі", "Мемлекеттік кәсіпорындар және қор нарықтары" тақырыптарын қамтиды. Ол Түркия қор нарықтары кеңесі және IOSCO-ның дамушы нарықтар жөніндегі комитетінің төрағасы Ведат Акгырей, OECD-ның ғаламдық мәселелер жөніндегі менеджері Даниэль Блюм, Ыстамбұл қор биржасының төрағасы және президенті Хусейн Эркан мен "Қазақстан қор биржасы" АҚ-ның президенті Қадыржан Дамитовтың модераторлығымен жүреді деп жоспарлануда. Қ. Дамитовтың айтуынша, алғашқы пікірсайыста Еуразия елдеріндегі қор нарықтарының дамуы, аймақтағы капитал нарығы ықпалдастығының келешегі, негізгі ағымдар мен міндеттер талқыланады. Екіншісінде, ағымдағы ахуал мен корпоративтік басқару және іскерлік ортадағы ілгерілеушілік мәселелерін жақсарту, халықаралық капиталды тартуда әлеуетті әрекеттер немесе шетелдік стратегиялық инвесторлардың экономикалық өсуі мен қор нарықтарын дамытуға ықпалы, аймақтағы корпоративтік басқару мәселелері бойынша заңнамадағы соңғы өзгерістер сөз болады. Үшіншісінде, Еуразиялық қор биржаларының ректтеушілік қызметіне шолу, жоғары стандарттар мен реттеушіліктерді ұстау үшін қор биржаларын ынталандыру, қор биржаларының нормативтік-құқықтық бастамаларына қор биржасының қатысуы, реттеу жүйесінің тәуелсіздігі қаралады. Ал төртіншісінде, аймақтағы мемлекеттік кәсіпорындардағы соңғы ІРО-ларға шолу, қор нарығын дамытуда мемлекеттік кәсіпорындардағы ІРО рөлі, мүмкіндіктер мен тәуекелдер: шетелдік инвесторлар көзқарасы, эмитент-компанияларда корпоративтік басқаруда стандарттарды енгізу үдерісіне шетелдік институционалдық инвесторлардың ықпалы, ІРО-дан кейін компаниялардағы корпоративтік мәдениеттің өзгеруі талқыға түспек.

Соңғы жаңалықтар