Алматыда ҚР Президентінің Жаңа жыл шыршасы өтті

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Бүгін Алматыда оқушыларға арналған ҚР Президентінің Жаңа жыл шыршасы салтанатты түрде өтті,
None
None

         деп хабарлайды ҚазАқпарат.

          Жылда өтетін бұл мерекелі шараны биыл 150 дарынды оқушы тамашалады. Аталмыш мереке барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей бейне құттықтауы берілді.

         Сонымен қатар Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов балаларды жаңажылдық мейрамдарымен құттықтап, ақ тілегін білдірді. «Қалалық әкімшілік балалар үшін барлық жағдайды жасауда. Соңғы жылы 6 балабақша, бірнеше мектеп аштық, балалардың жан-жақты дамуы үшін жағдайларды жасаудамыз. Сондықтан Елбасымыз айтқандай, еліміздің балаларға жасап жатқан жағдайына өздеріңнің жақсы білімдеріңмен, үлгілі тәртіптеріңмен жауап берулерің керек», дейді қала әкімі.

         Шараны Аяз ата мен Ақшақар және театрландырылған көріністер мен ойындар қыздыра түсті.  «Бүгінгі жаңажылдық шыршаға келгеніме өте қуаныштымын, өйткені мұндағы өнерпаздар мен ұйымдастырылған әр түрлі ойындар қатты ұнады», дейді 158 орта мектебінің 2 сынып оқушысы  Шерғали Жансая.

Соңғы жаңалықтар