Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік шара өтіп жатыр (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда Республика сарайында ҚР Тұңғыш Президенті күніне бағышталған кең көлемді мерекелік шара ұйымдастырылды.
None
None

Оған Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, қалалық мемлекеттік органдардың өкілдері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, өнер және спорт жұлдыздары және жоғары оқу орындарының студенттері қатысуда.

Бүгінгі мерекелік шараға қатысушылар журналистерге берген сұхбатында Елбасының биылғы Жолдауының ерекше мәнге ие болғандығын айтты.

«Биылғы Жолдаудың ҚР Президенті күнімен орайлас келді. Елбасы өзінің бұл Жолдауында әсіресе әлеуметтік салаға ерекше мән берді. Әлеуметтік қызметкерлердің, дәрігерлердің, ұстаздар қауымының жалақыларының өсуі оларға алдағы уақытта ел игілігі үшін еңбек ету жолында жаңа серпін берері сөзсіз. Әсіресе Елбасының кәсіптік-техникалық оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігін ашу жөніндегі ұсынысын жастарға жасалып отырған ерекше құрмет деп білем», - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Аманжолова.

Мерекелік шара барысында ең алдымен көрермендерге Елбасына арналған бейнефильм көрсетілді. Онда елімізге белгілі тұлғалардың Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесудің арқасында өз өмірлерінде қалай оң өзгерістер орын алғандығы жайлы сыр шертті. Одан кейін Қазақстанның жас эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт басталды. Ол әлі жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар