Алматыда құлаған ағаш Nissan Cefiro көлігін басып қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда құлаған ағаш Nissan Cefiro көлігін басып қалды. Оқиға Масанчи мен Байтұрсынов көшелерінің аралығында Шевченко көшесінің бойында болды.
None
None

Куә болғандардың айтуынша, қалалық коммуналды шаруашылық қызметінің өкілдері қу ағаштардың бірін кесіп жатқан. Олардың ескертуіне қарамастан көлік иесі аулалардың біріне өтіп кетуге тырысқан.

Сол мезетте кесілген ағаш діңі көлікті басып қалды.

Қазір жүргізушінің ахуалы туралы хабарлама жоқ.

Соңғы жаңалықтар
Референдум