Алматыда «Күз 2009 Ұлттық бизнес форумы» өтеді

АЛМАТЫ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда қарашаның 2-3-і күндері «Күз 2009 Ұлттық бизнес форумы» өтеді.
None
None

Онда мемлекет, бизнес, және қоғам өкілдері экономиканы тұрақтандырудың оңтайлы шараларын дайындау үшін бас қосады. Оны бұл кеңесті ұйымдастырушылар  бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Форумды консалтингтік және зертеулер саласында қызмет көрсететін Zertteu DC Group ұйымдастырып отыр. Дәстүрлі жиын алғаш рет былтыр Алматыда желтоқсанның 10-да өткен болатын. Zertteu DC Group Серіктестер кеңесінің төрағасы Арман Ыдырысовтың айтуынша, қазіргі кезде дағдарыстың және оның салдарының тереңдігінің барынша тұтас бейнесін анықтап, шешімдер дайындайтын және оны жүзеге асыратын барлық құрылымдардағы шараларды жүйелендіру қажет. Бұл үшін экономикалық модельдің түрлі элементтерінің:  шикізаттық және шикізаттық емес секторлар, қарыз алушылар мен  кредиторлардың арасындағы коммуникациялардың инфрақұрылымы,  индустрияландыру және тұрақтандыру үдерістерінің анық ара-жігі қажет. Форум жұмысы осы міндеттерге бағдарланып, дағдарыстық құбылыстарды жеңу бойынша шаралардың нақты жиынтығын ұсынады деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар