Алматыда қылмысты ашу көрсеткішінің ең төменгі деңгейі Бостандық ауданында тіркелді

АЛМАТЫ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда былтыр қылмысты ашу көрсеткішінің ең төмен деңгейі Бостандық ауданында тіркелді. Бұл бүгін қалалық ішкі істер департаментінің 2008 жылғы жұмыс қорытындысына арналған алқалы жиында айтылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Департамент басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, қылмысты ашу көрсеткіші Түрксіб, Медеу, Алмалы және Әуезов аудандарында былтыр алдыңғы жылға қарағанда біршама жақсарды. Бостандық ауданының ішкі істер басқармасында 2007 жылғы көрсеткіш сақталған. Онда 37,3 пайыз ең төмен көрсеткіш тіркелген. «Өткен жылдың ішінде қаладағы 7 ауданның төртеуінде ішкі істер басқармасының басшылары қызметтерінен босатылды. Сондай-ақ патрулдік полиция полкінің командирі мен басқару аппаратының жетекшісі және 11 басқарма бастығының орынбасарлары мен бөлім бастықтары ауыстырылды», дейді Ерлан Заманбекұлы. Ал Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановтың пайымдауынша, қылмысты ашу көрсеткішінде ілгерілеушілек байқалғанмен, қалада ол әлі де республика бойынша ең төмен деңгейде тұр. Сондықтан, департамент бастығына наурыздың 1-іне дейін аудандық ішкі істер басқармасы басшыларының қызметін бағалауға қатысты арнайы есеп беру тапсырылды.
Соңғы жаңалықтар