Алматыда Қытай мәдениетіне арналған фотокөрме ашылады
Бұл жайлы ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулдығынан хабарлады
«Мәдениеттің қарыштауы...» көрмесінде келушілер назарына Синьхуа провинциясының, ҚХР Мәдениет министрлігі, Сычуань провинциясының Чэнду қалалық әкімшілігінің баспасөз орталығы және Конфуций институты (АҚШ, Индианаполис қ.) ұсынған 49 фотосуретшінің 60 жұмысы ұсынылады. Бұл фото туындылар музейге келуші аудиторияны соңғы 10 жылдағы Қытай мәдениетінiң даму үрдісімен таныстырады. Суреттер Қытай үкіметінің мәдени мәселелер жайлы мәжілістері туралы, мемлекеттік деңгейдегі бірнеше негізгі мәдениет нысандары, әдеттегі және мамандандырылған кітапханалар (Брайл әріптерін пайдаланған), музейлер мен театрлардағы алуан түрлі іс-шаралар, Қытай қалалары мен провинцияларында және оның шет аймақтарында өткен эпикалық көріністер, кинотеатр, театрлардың ашылуы, ашық шығармашылық алаңдар туралы сыр шертеді.
Әлемдік мұралар тізіміне енген мәдени ескерткіштерді қорғауға арналған жұмыстар: Ханчжаудағы Сиху өзенінің табиғи ландшафты, «Аспан мен Жер орталығы» тарихи монументалды ансамблі, «Қытай Данься бедері», атақты көлеңке театрының түрлі-түсті қуыршақтары, бір жарым ғасырлық тарихы бар «Дуаньу» дәстүрлі мерекесі тақырыптары қамтылған фото жұмыстар ерекше назар аударады. Сонымен қатар Қытайдың 4 негізгі өнертабысының бірі болып табылатын жылжымалы бедер белгілермен кітап басу өнері, тибеттік кескіндеме жанры-танка да айрықша назарға ие. Суреттердің бір бөлігі қазіргі таңда Қытай әріптестік орнатып отырған әлемнің 149 мемлекетімен мәдениет саласындағы алмасулары жайында сыр шертеді.
Көрме жұмысы 6 қарашаға дейін жалғасады.