Алматыда М. Әуезовтің романы бойынша сахналанған «Қилы заман» тарихи трагедиясының премьерасы өтеді

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры Мұхтар Әуезовтің романы бойынша сахналанған «Қилы заман» тарихи трагедиясының премьерасына шақырады.
None
None

Аталмыш қойылым 2, 6 наурыз күндері өтеді деп белгіленген.

Ұлы суреткер М.Әуезовтің «Қилы заман» туындысы алғаш рет 1997 жылы қойылған болатын.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің, атап айтқанда, Қарқара көтерілісінің тарихи баянын негізге ала отырып, халыққа жасалған қиянаттың түп себебіне үңілтетін, патшаның қазақ азаматтарын қара жұмысқа алу туралы жарлығына, отаршылдық саясатқа, зорлық-зомбылыққа қарсы шыққан елдің кешегісі мен бүгінін зерделеуге бастайтын жаңа қойылымның ең басты идеясы - бостандық рухын жоғалтпау. 

«Рухың жоғалса - елдігіңнің жоғалғаны. Тарих сабақтары ұмытылмауы, тарих сабақтастығы үзілмеуі керек», - делінген ведомство хабарламасында.

Сахналық нұсқа - Н.Оразалиндікі, қоюшы-режиссер - ҚР  Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ә.Рахимов, қоюшы-суретші - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е.Тұяқов, композиторы - ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Б. Дәлденбай.

Соңғы жаңалықтар