Алматыда мәдениет қайраткерлеріне «Нұр Отан» ХДП билеттері салтанатты түрде табыс етілді

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыда «Нұр Отан» ХДП-ның қалалық филиалы кеңсесінде Қазақстанның бірқатар белгілі мәдениет қайраткерлеріне партия билетін салтанатты түрде табыс ету рәсімі өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олардың қатарында ҚР халық әртісі, «Қазақконцерт» гастрольдік-концерттік бірлестігінің жетекшісі Алтынбек Қоразбаев, ҚР еңбек сіңірген әртістері Нұрлан Абдуллин мен Сембек Жұмағалиев, әнші, әрі тележүргізуші Мәдина Сәдуақасова мен әнші Тахмина Әшімбековалар бар. Партияның жаңа мүшелеріне билеттерді «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Амангелді Кәримоллин табыстады.

Партия 11 жылдық ғұмырында күрделі кезеңдерді бастан өткеріп, өзінің нақты істердің ұжымы екендігін көрсете білді. Партия әр жылдардағы Президент сайлауларында, ҚР Сенаты пен Мәжіліс депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларында белсенділік танытты. Халықтық партияның жұмыстары қазақстандықтардың жағдайының жақсаруына, экономиканың өсуіне және ішкі саяси, әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуына бағытталған.

Бүгінде партия ел арасында үлкен қолдауға ие. Соңғы уақыттарда «Нұр Отан» қатарына енуге ынта білдірушілердің саны күннен-күнге өсіп жатқаны байқалып отыр. Тек жыл басынан бері партия құрамына 9 мың алматылық кіріп үлгерді. Ал жалпы алматылық нұротаншылар саны бүгінде 54 800 адамды құрайды.

Соңғы жаңалықтар