19:42, 03 Мамыр 2011 | GMT +5
Алматыда Мәскеу драма театрының қойылымдары басталды
АЛМАТЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда Армен Джигарханянның жетекшілігіндегі Мәскеу драма театрының Қазақстандағы гастрольдік сапары аясында М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Мәскеу театрының қойылымдары басталды.

Бүгін Мәскеу драма театры Алматы жұртшылығы мен қала қонақтарына У.Шекпирдің «Ромео мен Джульетта» спектаклін ұсынуда. Бұл қойылым 4,5 мамыр күндері де сахналанатын болады. Ал, 6-7 мамыр күндері өнер сүйер қауым мәскеулік актерлердің ойнауындағы В.Смеховтың «Шаһразаданың 1001 түні» спектаклін тамашалай алады.
Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мен «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ-ның ұйымдастыруымен өтуде.