Алматыда «Мен дауыс беремін!» атты жастар үгіт-насихат акциясы өтеді

АЛМАТЫ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда 13 қаңтар күні ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау науқанына орай Алматы қаласындағы қоғамдық көліктерде, соның ішінде Алматы метрополитенінде («Абай» стансысында, Абай даңғылы мен Қонаев көшесінің қиылысы) «Мен дауыс беремін!» атты жастар үгіт-насихат акциясы өтеді.
None
None

Шара ұйымдастырушылары - Жастар қозғалысының белсенділері, қаладағы ЖОО-ның студенттері.

Акцияның негізгі мақсаты - сайлау алдында қала тұрғындарының жағымды көңіл-күйін қалыптастыру, сайлау туралы толыққанды ақпарат беру, сайлауға біркісідей қатысуға үндеу үшін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу. Сондай-ақ тұрғындарды 2012 жылы 15 қаңтардағы сайлауға қатыстыру арқылы өз конституциялық құқығын пайдалануға және азаматтық борышын өтеуге шақыру болып табылады.

Акция барысында сайлау бюллетеньдері костюмін киген белсенділер сайлаудың өту барысымен таныстырып, сайлауға қатысты сұрақтарға жауап берсе, ертегі әлеміндегі кейіпкерлер жолаушылардың көңілін көтеретін болады.   Ал, Аяз ата мен Ақшақар қала тұрғындарын 15 қаңтарда өтетін сайлауға біркісідей қатысып, өз азаматтық борыштарын өтеуге шақыратын болады.  

Соңғы жаңалықтар