17:12, 30 Мамыр 2016 | GMT +5
Алматыда МС Сайлаубекке қарсы оқ атылғаны жайлы ақпарат жалған болып шықты - Алматы ІІД
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда МС Сайлаубекке қарсы оқ атылғаны жайлы ақпарат жалған болып шықты. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Ішкі істер департаментінің оперативтік бөлімшелерінің қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша бірқатар шараларды жүзеге асырды. Соның арқасында Сайлаубек пен оның продюсері іздеп табылды. Олар әлеуметтік желілердегі шабуылға қатысты бейнетаспаның өткен жылы желтоқсан айында түсірілген клиптің бір көрінісі екендігін түсіндірді», - делінген хабарламада.
Өз кезегінде рэпердің продюсері әлеуметтік желілерге атыс жайында таратылған жалған ақпарат өзіндік бір PR, яғни жарнама екендігін айтты. Осыған байланысты, ол бірқатар ақпарат құралдарына берген жауабында атыстың шән мәнісінде шындыққа жанаспайтындығын растапты.
Соған қарамастан, қазіргі таңда жалған ақпарат таратқан тұлғаларды жауапқа тарту мәселесі шешіліп жатыр.