Алматыда мүгедектерді кәсіпкерлікке тарту жобалары ұсынылуда

тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Онда Қазақстан франчайзинг одағы қоғамдық және мемлекеттік ұйымдарды «Қазақстандағы кәсіпкерлік пен экономика үшін әлеуметтік франчайзинг» ведомствоаралық жобасымен таныстырды. Оның мақсаты - мүгедек жандар үшін жаңа жұмыс орындарын құруға көмектесу, олардың кәсіпкерлікпен айналысуына жол ашу.
Франчайзинг ісі бойынша халықаралық сарапшы Бекнұр Сейітжанұлының айтуынша, франчайзинг одағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлесе отырып қоғамдағы мүгедек жандарды кәсіпкерлікке баулиды.
«Мүгедектер де жұмыс істеп, өз-өзін қамтамасыз еткісі келеді. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар интернетпен, компьютермен еркін жұмыс атқарып, қалаған ісімен айналыса алады. Мұндай мүмкіндіктер қайырымдылық қорлардың көмегімен жүзеге асып отыр. «Даму» қоры өз кәсібін дамытамын деушілерді несиемен емес, гранттар арқылы қаржыландыруда», - дейді «Көмектес» зағип жандардың көзімен қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Александр Сапелкин.