Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа тарту жолдары жобасы талқыланып жатыр

АЛМАТЫ. 23 қазан. ҚазАқпарат - Тіркеуде тұрған жарты миллион мүмкіндігі шектеулі жандардың 58 мыңы балалар. Бұл туралы бүгін Алматыда «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қамтамасыз ету» деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды.
None
None

«Бұл шараны «Нұр Отан» ХДП-ның Алматы қалалық филиалы мен қалалық әкімдіктің ішкі саясат пен  әлеуметтік қорғау басқармасы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Басқосудың күнтәртібіне 2 мәселе қойылып отыр. Біріншісі, Елбасының «Қазақстаның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға бірдей еңбек қоғамына 20 қадам» мақаласындағы тапсырмалардың орындалу барысы. Екіншісі, Алматы қаласындағы мүгедектік мәселесіне қоғамның оң қатынасын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстарының 2012-2013 жылдарға арналған медиа-жоспарын жүзеге асыру жайы», - дейді «Нұр Отан» ХДП-ның Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжехан Матыжанов. Оның айтуынша, бұл басқосуда «Нұр Отан» ХДП мен «Қазақстанның мүгедектер конфедерациясы» республикалық қоғамдық ұйымының «Мүгедектерді жұмыспен қамту моделдерін құру: ықпалдасқан әдіс» жобасы мен оны жүзеге асыру жолдары жан-жақты талқыланады деп жоспарлануда. Сондай-ақ жобаға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер туралы ұсыныстар қабылданып, қолданыстағы нормативтік-құқықтық заңнаманы жүзеге асыру тетіктерін жетілдіру мәселері қарастырылмақ. 

Соңғы жаңалықтар