Алматыда мысықтардың халықаралық көрмесі өтеді

АЛМАТЫ.  29 ақпан. ҚазАқпарат - «Мысықтар әлемі» Алматы фелинологиялық орталығына -15 жыл.
None
None

Атаулы жылға орай орталық Б. Шолақ атындағы Спорт cарайында 3-4 наурыз күндері алғашқы мерейтойлық  мысықтар көрмесін өткізеді.

Екі күнге созылатын мысықтар көрмесіне алуан түрлі тұқымды елуге жуық сүйкімді жануарлар ұсынылмақ. Олардың ішінде персиялық, мейн-кун, нева маскарады, норвег орманы, шотланд салпаңқұлағы, хайленд-фолд, бенгалдық, корниш-рекс, орыс көгілдірі, абиссиндік, сиамдық, ориенталдық, петерболд, дон және канада сфинкстері бар. Мысықтардың тектеріне сараптаманы Ресейден келетін халықаралық дәрежедегі сарапшылар, атап айтқанда,  WACC вице-президенті Ирина Кацер мен аталмыш ұйымның өкілі Ирина Чухвичева өткізетін болады.  

Шара барысында мысықтардың дәстүрлі байқауы қатар, мерейтойлық шоу-ринг өтеді. Ол сайысқа Best-of-Best көрмесінің (2005 жыл) жеңімпазы атанған мысықтар және өзге де байқаулардың жеңімпаздары қатысады. Рингте үздік жануар атанған үш мысыққа тұңғыш рет WACC және «Мысықтар әлемі» клубының кубогы табысталмақ. 

Одан бөлек, көрме бағдарламасында ересектер мен балаларға арналған танымдық-сергіту бағдарламасы және көптеген мерекелік бағдарламалар қарастырылған. Онда көрермендер үй жануарларының тектерімен танысып, ойындарды және мысықтардың қатысуындағы театрландырылған қойылымдарды тамашалай алады.

Қазірдің өзінде көрмеге қатысуға 100-ден астам өтініш келіп түскен.

Соңғы жаңалықтар