Алматыда «Нұр Отан» ХДП-ның қалалық филиалы ұстаздар қауымын мерекелерімен құттықтады

Ы. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - «Нұр Отан» ХДП-ның Алматы қалалық филиалы кеше білім кеңістігіне елеулі еңбек сіңірген бірқатар мұғалімдерді кәсіби мейрамдарымен құттықтады.
None
None

Мерейлі шара барысында «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Амангелді Кәримоллин орта және кәсіптік мектептердің, колледждердің бірқатар мұғалімдерін мерекелерімен құттықтады. Сонымен бірге, барлық мұғалімдерге грамоталар мен алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыс етті.

«Ұстаздық - киелі мамандық. Мен әлі күнге өзіме сабақ берген мұғалімдерімді жатқа білемін. Сіздердің еңбектеріңіз еліміздің жарқын болашағын қалыптастырады. Осындай қасиетті еңбектеріңізді әрі қарай табысты жалғастыра берулеріңізге тілектеспін», деді А. Кәримоллин.

Мұғалімдер күні мерекесі 1966 жылдың қазанның 5-де Парижде өткен ұстаздардың дәрежесі жөніндегі Арнайы үкіметаралық конференцияда бекітілген болатын. Қазақстанда бұл атаулы күн қазан айының бірінші жексенбісінде дәстүрлі түрде мерекеленіп келеді.

Соңғы жаңалықтар