Алматыда Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын жүзеге асырудың ІІІ Ұлттық конференциясы өтіп жатыр

ЛМАТЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда 6-шы Халықаралық мұнай мен газды өндіруді күшейту симпозиумының аясында Өндіруші салалалардың ашықтығы (ӨСА) бастамасын жүзеге асырудың ІІІ Ұлттық конференциясы өтіп жатыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конфереенцияны Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы мүдделі тараптарының ұлттық кеңесі ұйымдастырды. Аталмыш мәслихаттың алғашқы сессиясында ӨСА бастамасының 2007-2008 жылдарға ұсынған салыстырып тексеру есебі таныстырылды. Сондай-ақ ӨСА бастамасының Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан үрдістеріне шолу жасалып, валидация ахуалы талқыланды. Енді екінші сессия мәжілістері "Компаниялардың ӨСА бастамасына қатысуы: артықшылықтары, қосылу және қатысу тетіктері", "Өндіруші компаниялар, үкімет және азаматық қоғамның өңірлік деңгейдегі өзара қарым-қатынасы" тақырыптарында өрбуде.

"ӨСА бастамасын үкіметтің толық қолдайтынын Елбасы 2005 жылы маусымның 14-інде мәлімдеген болатын. Одан кейін Үкімет, өндіруші сектор компаниялары мен үкіметтік емес ұйымдар арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесі құрылды. Қазіргі таңда Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған мұнайгаз және тау-кен секторындағы компаниялардың саны 123. Бұған дейін ӨСА бастамасының 2005, 2006 жылдардағы екі есебі жарияланып, Астанада екі ұлттық конференция өткізілді және өндіруші аймақтарда да бірқатар конференциялар мен семинарлар ұйымдастырылды", дейді Мүдделі тараптардың ұлтық кеңесінің төрағасы, Мұнай және газ вице-министрі Әсет Мағауов.

Соңғы жаңалықтар