Алматыда Орталық Азия қолөнер шеберлерінің дәстүрлі көрме-жәрмеңкесі өтеді

АЛМАТЫ. 28 ақпан. ҚазАқпарат  - Алматыда наурыз айының 3-4 аралығында Орталық Мемлекеттік мұражайында «Қызғалдақтар кезеңі - сыйлықтар уақыты!» деген атпен  Орталық Азия қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді.
None
None

Аталмыш шара 8 наурыз мерекесіне орай арнайы ұйымдастырылмақ. 

Шараның дәстүрлі ұйымдастырушылары - ҚР Мемлекеттік орталық мұражайы мен «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы.

Орталық Азия аумағында өткізілетін ең ірі шығыс көрмесіне Қазақстанның әр аймағынан келетін қолөнер шеберлерімен қатар, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Ресей елдерінің 150-ден аса қолөнершілері қатысады.  Олар алматылықтар мен қала қонақтарына өздерінің ең үздік туындыларын ұсынбақ.

Көрме-жәрмеңкеге - киім, зергерлік бұйымдар, қыш ыдыстар, музыкалық аспаптар, шығыс миниатюралары, тері өнімдері, киіз, жібектен жасалған бұйымдардың кең ауқымындағы сыйлықтар мен кәдесыйлар, кілемдер мен шамдардың түр-түрі  қойылатын болады.

Бұл күндері сондай-ақ келушілер үшін киіз өңдеуден тегін шеберлік дәрістері өткізілетін болады.  Онда көрермендер тек киіз өнерін қызықтап қана қоймай, сонымен қатар, киіз бұйымдарын өз қолдарымен жасау мүмкіндігіне ие бола алады. Дәрісті киіздің шебері, танымал суретші Жанғұтты Күлән жүргізетін болады. 

Соңғы жаңалықтар