Алматыда өтетін 28-ші қысқы Универсиаданың логотипі, ұраны мен тұмарын әзірлеуге республикалық байқау жарияланды

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - 2017 жылдың қысқы Универсиадасы - әлемнің түкпір-түкпірінен студент-спортшылар қатысатын ең ірі спорттық сайыс.
None
None

Болжамдарға сенсек, Универсиада кезінде Алматыға FISU құрамына кіретін елдерден 5000-ға жуық қатысушы келеді. Сайыстар дүние жүзінің 100 телеарнасынан көрсетілетін болады. 

«2017 жылғы 28-ші қысқы Универсиаданың ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» мемлекеттік қоры 2017 жылы Алматыда өтетін жарыстың  логотипі, тұмары мен ұранын әзірлеуге конкурс жариялайды.

Байқаудың ақшалай қоры 1 000 000 (1 млн.) теңгені құрайды.

Ағымдағы жылдың 15 қазанынан 12 қарашасына дейін өтетін байқауға 18 жасқа толған ҚР-ның кез-келген азаматы қатыса алады.

Байқаудың жеңімпазы конкурстық комиссия шешімінің негізінде анықталатын болады.

Байқаудың қорытындысы ағымдағы жылдың 15 қарашасында  www.2017almaty.kz сайтының "Республикалық конкурс" бөлімінде орналастырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар