Алматыда өткен «Алтын домбыра» фестиваліне батысқазақстандық әншілер де қатысып қайтты

ОРАЛ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Алматы қаласы әкімдігі мен «Майра» продюсерлік орталығы ұйымдастырып,
None
None

Республика сарайында өткізген «Алтын домбыра» фестиваліне батысқазақстандық әншілер де қатысып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Концертте белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қатимолла Бердіғалиев Мұхиттың «Алуаш» пен Өтеғалидың «Жастық шағын» орындаса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сәуле Таудаева Мұхиттың «Үлкен Айдай», халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Сағадат Рахметжанов «Зәуреш» әнін шырқап берді. Дәстүрлі әнді насихаттаушыларға кәдесый ретінде алтын домбыра сыйға тартылды.

С.Рахметжановтың айтуынша, аталмыш фестиваль енді тұрақты өтіп тұрмақ. Оның пікірінше, елде жүрген жас орындаушыларды да көтермелеу үшін осындай шараларды ұйымдастырудың маңызы зор.

Соңғы жаңалықтар