Алматыда өткен республикалық ән-би байқауынан «Сымбат» би тобы бас жүлдемен оралды

ОРАЛ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Алматы қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында «Айман» продюсерлік орталығы өткізген «Ғұмырдария» республикалық ІІ ән-би байқауынан Ақжайық ауданындағы үлгілі «Сымбат» би тобы бас жүлдемен оралды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар 14-17 жас аралығындағы өнерпаздардан құралған он топтың арасынан үздік көрінді. «Шалқыма» және грузин биін шеберлікпен орындаған «сымбаттықтар» халықаралық «Ғұмырдария» ән-би байқауына жолдама алды. Бұған дейін де аталмыш би тобы Түркия, Украинада өнер көрсеткен болатын.

Байқаудан оралған өнерпаздарды аудан әкімінің орынбасары Меңзипа Жұматова қабылдап, бишілер мен жетекшісі Ләззат Құбаеваға алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар