Алматыда пара алған полиция қызметкері 50 есе көп айыппұл төлейтін болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда пара алған тергеуші 50 есе көп материалдық шығын өтейтін болды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

№2 Медеу аудандық сотында Медеу аудандық ІІБ тергеушісіне қатысты іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, күдікті қыз зорлау ісін жүргізген. Аталған іс бойынша айыпталып отырған ер адамның туысқаны тергеушіге пара ұсынады. Өз кезегінде заң өкілі 100 АҚШ доллары көлемінде ақша сұраған. Бұл «ақыға» полицей жапа шеккен қыздың келісімін алып беремін деп уәде еткен.

Кешкі 20.00 шамасында пара алып жатқан тергеушіні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұсталды.

Сот барысында күдікті өз айыбын толық мойындады.

Сот үкімімен тергеуші ҚР ҚК 366-бабы 1-бөлімімен айыпты деп танылып, пара көлемінен 50 есе көп айыппұл төлеуге мәжбүрленді.

Сондай-ақ, оған өмір бойы мемлекеттік органдарда қызмет етуге тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар