Алматыда салынатын Дінмұхамед Қонаев мұражайының орны белгілі болды

АЛМАТЫ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда Әл-Фараби мен Достық даңғылдары қиылысында биыл Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың жаңа мұражайының құрылысы басталады.
None
None

Бұл бүгін Д.Қонаев мұражай-үйінде өткен "Д.А.Қонаев және оның дәуірі" деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Өткен аптада Астанада Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл- Мұхаммед Халықаралық Дінмұхамед Қонаев қорының жетекшісі Елдар Қонаевпен кездесу өткізді. Онда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің 100 жылдығын өткізу мәселесі жан-жақты талқыланды. Д.Қонаевтың 100 жылдығына арналған шаралар 3 жылдық бюджетке енгізілді. Сондай-ақ қоғамда көптен бері сөз болып жүрген Алматыда Д.А.Қонаев мұражайын салу мәселесі шешілді. Қазір оның жобасы дайын", дейді Д. Қонаев мұражай-үйінің директоры Болысбек Батталханов. Оның айтуынша, жаңа кешенде 90 орындық мәжіліс залы мен 1 мың шаршы метрлік арнайы қойма мен мұражай алдында үлкен ескерткіш тұрғызу да қарастырылған. Ол ашылған кезде Д.Қонаев мұражайы мен Халықаралық Д. Қонаев қоры бір жерге орналаспақ. Болысбек Заманбекұлының сөзіне қарағанда, 2012 жыл атап өтілетін Дінмұхамед Ахметұлының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Тараз қаласында да жаңа мұражай салынып, Шымкент қаласындағы мұражайдың ғимараты кеңейтілмек.

Соңғы жаңалықтар