Алматыда сарапшылар ЕАЭО аясында техникалық регламенттерді бейімдеуге қатысты заңнамаларды талқылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сарапшылар ЕАЭО аясында техникалық регламенттерді бейімдеуге қатысты заңнамаларды талқылады.
None
None

Жиынға ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Дұғалов Ғалымжан, Алматы әкімдігінің құзырлы орган өкілдері қатысты.
Қалалық штаб өкілдері «Стандарттау туралы», «Өлшем бірлігі мен стандартизация мәселелеріне қатысты кейбір заң актілеріне өзгеріс енгізу туралы» заңнамаларды талқылады.
Аталған құжаттар аясында ұлттық нормалар жүйесін халқаралық стандартқа сәйкестендіру, стандартизация бойынша техникалық комитеттердің рөлін арттыру көзделген.
Отандық тауар өндірушілер өздерінің өнімін өндірудегі, сату мен жеткізудегі жолыққан проблемаларын тілге тиек етті.
Сондай-ақ, 2016 жылдың 15 мамырынан айналымға енген «Темекі өніміне техникалық регламент» түсіндірілді.

Соңғы жаңалықтар