14:04, 20 Қазан 2012 | GMT +5
Алматыда шағын футбол бойынша «Студент кубогы» жарысы өтуде
АЛМАТЫ. 20 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы «Спартак» стадионында шағын футбол бойынша «Студент кубогы» жарысы өтуде. Оған шаһардың 15 жетекші ЖОО-ның командалары мен «All Stars» қазақстандық жұлдыздар құрамасы қатысуда.
Турнир ұйымастырушылары - қала әкімдігінің жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы мен «Remedy» креативтік агенттігі. Бұл жарыстың негізгі мақсаты - студенттік ортада белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спорт түрін дамыту.
Жарыстан келіп түскен барлық қаражат Алматы қаласындағы балалар үйлері үшін спорттық тауарларды сатып алуға жұмсалады.
Жарыс қорытындылары бойынша жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталады, сондай-ақ мерекелік отшашу ұйымдастырылады.