Алматыда ШЫҰ-ның Орталық Азиядағы көптарапты өзара әрекеттестіктің келешек тетігі ретіндегі рөлі талқыланады
Ол ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен ШЫҰ-ның 10 жылдығына арналып отыр. Ұйымдастырушылары - Білім және ғылым минитрлігіне қарасты Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Экономика институты. Бұл шараға халықаралық қатынастар, шығыстану, саясаттану, экономика салаларының жетекші мамандары мен сарапшылары және Қазақстанда тіркелген дипломатиялық өклдіктердің уәкілдері қатыспақ. Онда мына мәселелер сөз болады деп жоспарланып отыр: Орталық Азия кеңістігінде халықаралық ұйым ретінде ШЫҰ-ның қалыптасуындағы геосаяси, экономикалық және әлеуметтік алғышарттар. ШЫҰ-на 10 жыл: негізгі жетістіктер мен нәтижелер. Аймақтық қауіпсіздікті нығайту мен экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты дамытудағы ШЫҰ-ның рөлі. ШЫҰ және Қазақстанның ұлттық қызығушылықтары. ШЫҰ-дағы Қазақстанның төрағалығы: бейбітшілікті қолдау жөніндегі бастамалар, Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылық.
ШЫҰ-ны Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері аймақтық халықаралық ұйым ретінде 2001 жылы құрған болатын. Оған Қазақстанның биылғы жылғы төрағалығы он жылдықпен тұспа-тұс келіп отыр. Енді алдағы маусым айында Астана қаласында ШЫҰ-дың мерейтойлық саммиті өтпек. Жалпы бұл ұйымның алдында тұрған басты мақсаттары: мүше мемлекеттер арасында тату көршілік пен өзара сенімді нығайту. Саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдеиет салаларындағы тиімді ынтымақтастыққа көмектесу. Аймақтағы бейбітшілік, қаупсіздік пен тұрақтылықты қолдау және оны бірлесіп қамтамасыз ету. Сондай-ақ демократиялық, әділ, ұтымды жаңа халықаралық саяси және экономикалық тәртіпті құруды ілгері жылжыту болып табылады.