Алматыда су таситын көлік аударылып, екі адам қаза болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Каменка шағын ауданындағы Гроза көшесінде ЗИЛ маркалі су таситын көлік аударылып, 2 адам қаза болды.
None
None

Оқиға куәгері Гроза көшесінің тұрғыны Нәкібай Кенжебековтің айтуынша, су таситын көліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай автобусқа соғылған.

Содан көлік аударылып, жол шетінде тұрған адамдарды қағады. Салдарынан екі адам көз жұмған.

Соққыдан кейін су көлігі электр бағанын қиратып, BMW-ға соғылып бірақ тоқтаған.

Қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-тармағы бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды. Оқиға орнында Наурызбай аудандық ІІБ өкілдері жұмыс жасап жатыр.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар