10:06, 09 Мамыр 2013 | GMT +5
Алматыда су тасқыны жөнінде ескерту жарияланды
АЛМАТЫ. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін күшті жауын-шашынның жаууы ықтимал деген болжамға байланысты Алматы облысының аласа таулы өзендерінде су тасқыны болуы күтіледі, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі жанындағы «Алматы қаласының құтқару қызметі» МКҚК.

Құтқару қызметіне 8 мамыр күні «Қазгидромет» РМК-дан ескерту жіберілген.
Төтенше жағдайлар орын алған жағдайда 109 немесе 112 телефондары бойынша хабарласу қажет.