Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің мәжілісі өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиынға қатысушылардың айтуынша, сыбайлас жемқорлық сияқты әлеуметтiк құбылыспен күрестің маңызы күнен-күнге артып, ауқымы кеңейіп барады. 2005 жылдың желтоқсан айында 2006-2010 жылдардағы сыбайлас жемқорлықпен күресу Мемлекеттiк бағдарламасы қабылданған болатын. Бұл мәселенiң шешiмi бүгiнгі күнге дейін Мемлекет басшысының дербес бақылауында болды. ҚР Президентінің сыбайлас жемқорлықты жою үшін жүйелі түрде бағытталған жұмыстарын іске асырумен «Нұр Отан» ХДП айналысып келеді. Партияның барлық аймақтық филиалдарының базаларында сыбайлас жемқорлық пен күрес бойынша қоғамдық кеңес белсенді жұмыс істеуде.
Алматы қаласы ІІД бастығы Ерлан Тұрғамбаевтың айтуынша, оның басқармасында жемқорлыққа қарсы жұмыс қатаң түрде жүріп жатыр. «Осы жылы өз лауазымын асыра пайдаланған 1052 қызметкер жазаланды, оның 233-і басқарушы құрамнан. Негізінен полицейлер пара алу, өз лауазымын асыра пайдалану, алаяқтық, жасанды іс, есiрткiлердiң заңсыз айналымы сияқты қылмыстарға барады. Қазіргі кезде қылмыс жасағаны үшін 13 жол полицейі, 11 криминалды полиция қызметкері және 5 учаскелік қызметкер жауапқа тартылуда», дейді Е.Тұрғамбаев.
Жиынға Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің, прокуратура, экономикалық және жемқорлық қылмысымен күрес департаменті өкілдері қатысты.