20:02, 11 Тамыз 2015 | GMT +5
Алматыда тағы да донер дүңгіршегі өртенді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Əуезов ауданында №28 төрт қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан донер дүңгіршегі өртенді. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамедова хабарлады.
Оның айтуынша, оқиға орнынан 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өртті сөндіруге 3 техника жұмылдырылған. Өрт 15 шаршы метр аумақты зақымдады.
Тілсіз жау сағат 19.16-да ауыздықталды. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.