Алматыда «Талантты ұстаз - дарынды балаларға» атты VI республикалық педагогикалық олимпиада өтеді

АЛМАТЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу және Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
None
None

Мемлекеттік бағдарламасы аясында 5-6 мамыр күндері «Талантты ұстаз - дарынды балаларға» атты VI республикалық педагогикалық олимпиада өтеді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтетін шараға педагогикалық жоғарғы оқу орындарының студенттері (II-IV курс), педагогикалық (гуманитарлық) колледждердің жоғарғы курс оқушылары, магистранттар (1-2 жылдық оқу бойынша), еңбек өтілі 3 жылға дейінгі жас педагогтар, психологтар мен тәлімгерлер қатысады.

Педагогикалық олимпиаданың мақсаты - педагогикалық мамандықтың және кәсіби педагогикалық білімнің маңыздылығын арттыру, педагогика саласына бағытталған талантты жастарды анықтау, педагог кадрлардың еңбегін ынталандыру және мемлекеттік қолдауды күшейту, дарынды балалармен жұмыс жасайтын білікті жас педагогтарды анықтау, жоғары сынып оқушыларының педагогикалық қызметке кәсіби икемділігін айқындау.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталады.

Соңғы жаңалықтар