Алматыда «Тәртіп» жедел-сауықтыру шарасы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда «Тәртіп» жедел-сауықтыру шарасы өтіп жатыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше басталған шараның басты мақсаты қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін күшейту, қылмыстардың алдын алу. Шараға байланысты қала полициясы күшейтілген қызмет жүйесіне көшірілген. Онда ІІД жеке құрамынан 1 мың адам мен ішкі әскердің 720 қызметкері жұмыс атқаратын болады.

«Автокөліктермен жасалатын қылмыстардың алдын алу, анықтау бағытында қала ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін 7 бақылау бекеті жұмыс істеп жатыр. Онда жол полициясы, ІІЛД-нің есірткімен күрес басқармасы, көші-қон полициясы, жедел қимылдауға арналған арнайы отряд қызметкерлері жұмыс атқаратын болады. Базарлар мен сауда орындары, вокзалдарда жедел іздестіру қимылдары өткізіліп, есірткі тасымалдау, жезөкшелік, жеңгетайлық, көше қылмыстары қатаң бақылауға алынады», дейді ІІД-нің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, полковник Нұрлан Алмасбеков.

Соңғы жаңалықтар