Алматыда Тәуелсіздік күніне орай «джип-фестиваль» өткізіледі
«Жыл сайын өткізілетін джип-фестиваль биыл 18-ші рет ұйымдастырылып отыр. Биыл бұл фестиваль халықаралық мәртебеге ие болды. Сондықтан, оған Ресей мен Қырғызстаннан командалар қатысады. Фестиваль аясында дәстүр бойынша, Алматы автоспорт федерациясының тұңғыш президенті Николай Масловты еске алуға арналған ауыспалы Кубок сарапқа салынады. Ол кезінде елімізде тұңғыш рет жол талғамайтын көліктер арасында жарыс өткізген болатын. Ал биылғы жарысты 10 мыңнан астам көрермен тамшалайды деп үміттеніп отырмыз» - деді өз сөзінде В. Тарасенко.
Сонымен қатар, оның айтуынша қысқы джип-фестивальге қатысушылар «Туризм», «Спорт» және «Абсолют» категориялары бойынша жарысады. Бірінші категорияда спортшылар стандартты джиптермен сайысқа шығады. «Спорт» категориясы бойынша жарыс алаңына модификацияланған және арнайы әзірленген джиптер шығады. Ал «Абсолют» аталымы бойынша өтетін жарысқа ниет бідірушілердің барлығы да қатыса алады. Кубок осы үшінші категория бойынша өтетін жарысқа қатысушылар арасында сарапқа салынады. «Биыл, аталған фестивальді ұйымдастырушыларға Toyota Motor Kazakhstan компаниясы қолдау көрсетті.Компания тарапынан Қазақстанда құрастырылған тоғыз «Toyota Fortuner» автокөлігі «Туризм» категориясы бойынша жарыс жолына шығады. Бір айта кететін жәйт, ниет білдірушілерге оған мініп, айдап көруіне рұқсат беріледі. Сондай-ақ, фестиваль соңында қатысушылардың құрметіне мерекелік салют атылады», - деді сөз соңында В. Тарасенко.