Алматыда «Тәуелсіздік тұғырындағы 20 жыл» атты оқырмандар конференциясы өтті

АЛМАТЫ. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыдағы №4 кітапханада ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіздік тұғырындағы 20 жыл» атты оқырмандар конференциясы өтті.
None
None

Шараның мақсаты - оқырмандардың интелекткуалдық білімін дамытып, ақпараттық және рухани мәдениетін арттыру. Конференция барысында елдің 20 жылдық тәуелсіздігінде жеткен жетістіктері талқыланып, «Ислам Конференциясы ұйымы және Қазақстан», «Қазақстанның экономикалық дамуы», «Ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісі» сияқты тақырыптарда баяндамалар оқылды.

Сондай-ақ шара аясында "Тарихы құнды, болашағы нұрлы - Тәуелсіз Қазақстан!" атты кітап көрмесі ұйымдастырлды.

Аталған шараны №4 кітапхана Алматының тарихи мұражайымен бірлесіп ұйымдастырған.

Естеріңізге сала кетсек, 2009 жылы бұл кітапхана Алматы бойынша үздік деп танылған болатын. Ол қаладағы қоғамдық мәдени шараларға үнемі белсенді қатысуда. Сонымен қатар басқа да білім беру және мәдени мекемелермен бірлесіп, түрлі интеллектуалдық байқаулар, турнирлер, кітап көрмелері және әдеби кеш пен кездесулер өткізіп тұрады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум