18:50, 23 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Алматыда Тәуелсіздікке еңбегі сіңген қоғам қайраткерлерімен кездесу өтеді
МАТЫ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 26 қыркүйек күні мемлекеттік рәміздердің авторлары, жазушылар, ақындар мен қоғам және мемлекет қайраткерлерінің Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерімен "Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл. Тағылым мен тағзым" деп аталатын кездесуі өтеді.

Оны Халықаралық "Жанашыр" қоғамдық қоры Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасы мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолдауымен ұйымдастырып отыр. Бұл олардың Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында Алматыдағы жоғары оқу орындарында оқып жатқан шетелдік студенттер арасында қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін насихаттау бағытындағы іс-шараларының бірі. Мақсат - шетелдік қазақ жастарының бойында отаншылдық, елжандылық қасиеттерді ояту, өз ұлтының тарихынан, дәстүр-салтынан хабардар ету және Қазақстан Тәуелсіздігіне қол жеткізуге үлес қосқан тұлғалар мен қайраткерлерді таныстыру.