Алматыда “Тәуелсіздіктің 20 жылы жастар жанарымен” атты кітаптың тұсауы кесілді – бұл жастардың Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына жасап отырған үлкен тартуы

МАТЫ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда ел тәуелсізідігінің 20 жылдығына арналған "Тәуелсіздіктің 20 жылы жастар жанарымен" атты жинағының тұсаукесер рәсімі болып өтті.
None
None

Жинақ Алматы қаласы студенттері арасында "Тәуелсіздіктің 20 жылы жастар жанарымен" атты тақырыпта өткізілген публицистикалық байқаудың қорытындысы ретінде жарық көрді. Жинаққа үздік деген 15 жұмыс еніп отыр. Байқауға ұсынылған жұмыстардың мазмұны мен нәтижесі Тәуелсіз Қазақстанның 20 жыл бұрын таңдаған даму жолының сындарлылығын көрсетеді. Авторлар өз жұмыстарында Тәуелсіздіктің 20 жылында елімізде болған тарихи оқиғалардың барлығын және өз болашағын табысты құру үшін қандай аспектілер айырықша маңызды басымдықтарға ие екендігін қамтуға тырысқан. Бұл дүниелерден жастардың жүрек лүпілін, Отанға деген ыстық ықыласын, болашаққа деген сенімді көзқарасын аңғаруға болады.

Байқауды ұйымдастырушылардың бірі, «Primus inter pares- PIP» қоғамдық бірлестігінің президенті Меруерт Кәрбозованың пікірінше, кітаптың басты құндылығы - жастар оқиғалары мен тарихты сипаттап қана қоймай, сонымен қатар Қазақстанның болашағы және келешектен күтер үміті жайлы пікірлерін жазып, Тәуелсіз еліміз табысқа жетеді деген сенімдерін, мақтаныш сезімдерін білдіретін және туған елге деген махаббаты сезілетін өлең жолдарын арнағандығында.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға жалпы саны 113 жұмыс ұсынылған.

Шара барысында жинаққа жұмыстары енген студенттерді марапаттау салтанаты болып өтті. Бас жүлдені Халықаралық Бизнес университетінің студенті Дана Жүнісбекова жеңіп алды. Екінші орынға Алматы медицина колледжінің студенті Алена Бурденюктің жұмысы лайық деп танылды. Үшінші орынға Алматы энергетика және байланыс институтының студенті Еркебұлан Мұхамбет ие болды. Жүлдегерлер байқау дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Байқау Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры мен «Primus inter pares- PIP» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Соңғы жаңалықтар